Президент бастамасымен елімізде «Келешек мектептер» ұлттық жобасы қолға алынғаны белгілі. Оқушының сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасайтын жоба аясында 401 жаңа мектеп салынуда. Оның ішінде 6 мектеп Қостанай облысында бой көтереді. Заречный кентінде алғаш ашылған келешек мектептің жайымен ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев танысты.