Министрлік жоғары оқу орындарында жасанды интеллект мамандықтарын енгізіп, студенттер мен зерттеушілерге заманауи білім беруге жағдай жасауда. Сонымен қатар, қазақ тіліне бейімделген тілдік модель әзірленіп жатыр. AI-Sana секілді бастамалар арқылы практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік жасалған. Бұл шаралар еліміздің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған. Министрдің пікірі осындай.