Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан тыс қалмай, емін-еркін жүріп-тұруына оңтайлы жағдай жасап, кедергісіз орта қалыптастыру. Бұған ел Президенті халыққа арнаған Жолдауларының бірінде ерекше тоқталған еді. Осыған орай, облыс бойынша әлеуметтік әлсіз топтарға жататын жандар үшін біршама жұмыстар атқарылуда. Десек те, шешімін күткен түйткілдер де бар. Бұл туралы коммуналдық сала өкілдерімен өткен кездесуде талқыланды.