Президенттің бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды іс-шаралар легі өтіп жатыр. Осы орайда Қостанай қаласының мектеп оқушылары Автомобиль көлігі колледжіне арнайы экскурсия жасап, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.