Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтты. Қостанайда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі күрделі жөндеуден өтіп, қайтадан есігін айқара ашты. Енді бұл нысанда бір мезетте 1500-ге жуық бала спорттың бірнеше түрі бойынша жаттыға алады.