Қостанай облысында орман өрттерінің алдын алу және орман қорын сақтау мәселесі – өзекті. 2022 жылғы Әулиекөл ауданындағы алапат өрттен кейін өңірде орман қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты шаралар қолға алынды. Биылғы жылы да орман алқаптарын өрттен қорғау жұмыстары ерекше бақылауға алынған.