Биыл 1 млрд теңгеге 7 саябақ пен 3 алаң жаңартылмақ. Жалпы аумағы 93,5 гектарға дейін жетеді. Қаланың тас жолдары да назардан тыс емес. Оған 9 млрдқа жуық қаржы бөлінген. Бұл өткен жылға қарағанда 80 пайызға көп. Таза Қазақстан науқаны барысында жүзеге асырылатын жұмыстар жайлы өңір басшысының қатысуымен өткен жиында айтылды