Облыстық тарихи-өлкетану музейінде есімі елге белгілі оюшы, қолөнер шебері, өлкетанушы Шөптібай Байділдиннің «Өнер сыры – өрнекте» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Оған шебердің өнердегі және өмірдегі жақындары, мәдениет басқармасының өкілдері мен өнер жанашырлары қатысты. Оюмен ой айтылған басқосуға тілшіміз куә болып қайтты.