Қостанайда алғаш рет жүрекке күрделі ота жасалды. Бұл операцияны Астана мен Павлодардан арнайы келген білікті мамандар жүзеге асырды. Мұндағы мақсат – кәсіби дәрігерлерді өңірімізге тартып, заманауи емдеу әдістерімен танысу. Ең бастысы аурудан айыға алмай жүрген жандарға жаңа өмір сыйлау. Тілшіміз қала медицинасындағы тарихи сәтке куә болып қайтты.