Қостанайда алимент үшін берешек 600 млн теңгеге жетті. 300-ден астам азамат қарызын өтеуден жалтарып жүр. Бұл, қалалық прокуратураның кезекті рейд өткізуіне түрткі болды. Нәтижесінде, баласының алдындағы борышын жылдар бойы ұмытқан әйел қамауға алынды.