Өңір көлеміндегі ауқымы кең спорттық жарыстардың бірі – яғни облыстық жазғы спартакиаданы жоғары деңгейде өткізу аймақ басшысының назарында. Осыған байланысты аппарат жиынында дүбірлі додаға деген әзірлік пысықталды. 1986- жылдан бастап өткізіліп келе жатқан спартакиада бағдарламасына биыл спорттық ойындардың 19 түрі енгізілген.