«Таза Қазақстан» акциясына әулиекөлдіктер де белсене қатысып жатыр. Апта сайын аудан көркіне нұқсан келтіріп тұрған орындарды жинастырып, ретке келтіреді. Бұл жолы 500 адам көшелерді, жол бойын тазалауға шықты. Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері, кәсіпкерлер тізе қосып, барлығы 400 текше метрден артық қоқыс жинап шығарды. Оған 27 техника жұмылдырылды.