Қан тапсыр да, өмірді сақтап қалуға себепші бол!. Бұл дүниежүзілік донор күніне үн қосқан әр жанашыр жанның ұраны. Осыған орай, облыстық қан орталығы донор болуды дағдыға айналдырған өңір тұрғындарын қабылдады. Олар биыл бес айдың шеңберінде 50 мың еріктінің арқасында 1 млн 280 мың литр қан дайындаған.