Хабарымызды жалғастырамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан экономикалық реформалар шеңберінде ішкі өнім өндіру көлемін арттыруға баса мән берілуде. Қостанай облысы алдағы үш жыл ішінде өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Межеге жету үшін қандай мүмкіндіктер бар екенін Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары мәлім етті.