Қостанай ауданындағы Заречный кентінде бүтіндей бір отбасы газдан уланып қала жаздады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша төтенше жағдайға газ құбырларындағы ақау себеп болған. Екі күннен бері ол жерде арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр.