Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің оқытушылары арасында Республикалық «STUDY INNOVATIONS» байқауы мәресіне жетті. Мұғалімдердің біліктілігін артыру мақсатында ұйымдастырылған шарада сонымен қатар 10 және 11 сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған "Business Start" сайысының да жеңімпаздары марапатталды.