Қостанайда «Айқанат» республикалық олимпиадасының екінші кезеңі өтті. Облыс намысын қорғауға 16 ауданнан оқушылар аттанды. Оқу үлгеріміне қарамастан білім сынағына бәрі бірдей қатыса алды. Алайда, ақтық кезеңге 8 жылдық білімдерін үздік дәлелдеп шыққандар өтеді.