Жұмыспен қамту орталығы халықпен қарқынды жұмыс істеуде. Себебі, жастарды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау басты назарда. Мәселен, Қостанай ауданында кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында өз жеке кәсібін ашқан азаматтар қатары артқан.  Олар әсіресе, мемлекет тарапынан берілетін шағын несиені тиімді пайдалануда.