Міне, көптен күткен наурыз айы келіп, көктемнің лебі есіп, табиғат жаңарып, күн мен түнді теңелткен Жаңа жыл да босағадан аттады. Ұлыстың Ұлы күнін қостанайлықтар орталық алаңда көппен бірге көңілді атап өтті.  Ұлттық ойындар ойнатылып, көпшілік халық әндерін бірге шырқап, би биледі.