Үкіметтің  ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламасы ауыл тұрғындары үшін төрт түлікті көбейтуге қолайлы болып отыр. Қостанай ауданында мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың қатары артқан. Төрт түлік саны көбейіп, жаңадан жұмыс орындары құрылуда.