Кенесары ханның өзі сөзіне тоқтаған, тарихта Ресей империясының құрметті азаматы ретінде қалған Жазы бидің кесенесіне жөндеу жұмыстары жасалды. Ол 2000 жылы Жазы би бейітіне қызыл кірпіштен кесене тұрғызылып, ескерткіш тас ретінде салынған еді. Баба рухын ұлықтау - ұрпақ парызы. Көп жылдардан бері аталарының Алтынсарин ауданына қарасты Жаңасу ауылында жатқанын білген ұрпақтары осы жерге арнайы кесене тұрғызуды шешкен. Ол 2000- жылдардың төнірегі болатын. Бұл - бүгінгі буыннын өткенге құрметі.