Ботай мәдениетінің бірегейлігі мен мән-мағынасы -  әлемде бірінші боп жылқы жануарының қолға үйретілгендігінің, көшпенділердің алғашқы тұрғын үйлерінің салынғандығының айқын айғағы және де баға жетпес құндылығы.

Ботай мәдениеті – Солтүстік Қазақстанның энеолит дәуіріндегі ескерткіштерін зерттеген материалдар негізінде бөлінген археологиялық мәдениет. Бұл ғылыми жаңалық ерекше сәулет стилін жеткізген арғы ата-бабаларымыздың тарихи тәжірибесін көрсетеді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңінде еңбек еткен тарихшылар мен археологтардың материалдары бойынша Ботай қонысы Солтүстік Қазақстанда 1980 жылы ашылған. Сол кезде соңғы тас дәуірінің 200-ге жуық жәдігері табылған.

Ботай мәдениетінің материалдары Қазақстанның неолит дәуірінің мәселелерін қисынды түрде толықтырып, өлке тарихының бұрын белгісіз болып келген беттерін толтырушы қор ретінде әлі күнге дейін құнды дерек көзіне айналып отыр.