Негізгі Жаңалықтар Өрісі кеңейген өңір

Өрісі кеңейген өңір

Өрісі кеңейген өңір

Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмыстары жалғасуда. Биыл өңірде төрт жаңа сүт фермасы іске қосылып, жайылымдық мал шаруашылығына қатысты алты жобаны аяқтау көзделген. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар салынуда. Жыл басынан бері облыста 53 мың тоннадан астам ет және 200 мың тоннадан астам сүт өндірілген. Мамандар саладағы өсімді мемлекеттік қолдау, жеңілдетілген несие және мал шаруашылығын дамытуға бағытталған бағдарламалармен байланыстырады.

Толығырақ бүгін 20:30-да «ARQA AQPARAT» қорытынды жаңалықтарынан көріңіздер.

Бөлісу