Негізгі Жаңалықтар Қостанайдың келешек келбеті: бас жоспардағы өзгерістер

Қостанайдың келешек келбеті: бас жоспардағы өзгерістер

Қаланың бас жоспарына енгізілген өзгертулердің жүзеге асуына бірнеше онжылдық қажет болуы мүмкін. Бұл туралы сәулет бөлімінің басшысы Гүлсара Құрманғалиева айтты. Бас жоспардағы түзетулер қаланың алдағы даму бағыттарын айқындайды. Жоба аясында үш бағыт бойынша жұмыс жүргізу көзделген. Оның біріншісі қаладағы жолдарды дамыту және көлік қозғалысын жақсарту. 

Тағы екі эстакада қарастырылған:

• К. Дөненбаева көшесінен Шақшақ Жәнібек батыр көшесіне шығатын жолайрық. Жоспар бойынша 2040-2050 жылдары жүзеге асады. Аумағы - 1 гектар.

• Тәуелсіздік көшесінен К. Дөненбаева көшесіне шығатын жолайрық. Бұл жоба 2030-2040 жылдарға жоспарланған. Аумағы - 3 гектар.

Кезекті мәселе мәселе электр қуатымен қамтамасыз ету. Жаңа үйлер мен әлеуметтік нысандар салу үшін электр қуаты жеткілікті болуы керек. Осы мақсатта Назарбаев даңғылы, Фабричная және Рабочая көшелерінің аралығында жаңа қосалқы станция салу жоспарланып отыр. Жаңа станция қаланың орталық бөлігін электр қуатымен қамтамасыз етеді. 

Қаладағы зираттардың жағдайына да жеке тоқталу қажет. Қостанайда барлығы 6 зират бар. Оның үшеуінде жерлеу жұмыстары тоқтатылған. Олар - Киевская, Маяковский көшесіндегі және Абай даңғылы бойында орналасқан. Қалада жыл сайын шамамен 2 200-2 300 адам қайтыс болады. Осы жағдайды ескере отырып, қолданыстағы бас жоспарда әуежай маңындағы қалалық зират аумағын тағы 90 гектарға кеңейту қарастырылған. 





Бөлісу