Негізгі Жаңалықтар 2027 жылы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі өзгереді

2027 жылы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі өзгереді

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Жаңа тәртіп бойынша мемлекеттік қолдау көрсету кезінде әр отбасының әлеуметтік жағдайы мен көмекке деген қажеттілігі ескеріледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Министрлік өкілдерінің айтуынша, жаңа жүйе әлеуметтік көмекті нақты мұқтаждыққа қарай бөлуді көздейді. Осылайша, мемлекеттік қолдау отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, көмекке шынымен зәру азаматтарға бағытталмақ.

Жаңа тәсіл мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректерге сүйене отырып, үй шаруашылығының материалдық жағдайы мен әлеуметтік тұрақтылығын кешенді түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау барысында отбасының табысы мен қаржылық жағдайы, мүшелерінің жұмыспен қамтылуы, жылжымайтын мүлкі, көлігі, жер учаскелері мен бизнесінің болуы, несие міндеттемелері және өзге де әлеуметтік факторлар назарға алынады. Сонымен қатар отбасы құрамы мен мүшелерінің жасы да ескеріледі.


Бөлісу