Негізгі Жаңалықтар Сот жүйесіне сенім артты

Сот жүйесіне сенім артты

Қазақстанда сот жүйесіне деген халық сенімі артып келеді. Сот органдарының жұмысы мен дауларды шешу тетіктерін жетілдіру бағытында бірқатар оң өзгеріс бар. Өткен кезеңде соттар жүздеген мың істі қарап, олардың бір бөлігін медиация арқылы реттеген. 

Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, сот органдары 24,8 мың қылмыстық істі қараған. Ал азаматтық істердің саны 28,4 пайызға артып, 605 мыңнан асқан. Бұған банкроттық, тұрғын үй және жер даулары, сондай-ақ келісімшарттық міндеттемелерге қатысты талап-арыздардың көбеюі себеп.


Бөлісу