Негізгі Жаңалықтар ЖИ дамыту – заман талабы

ЖИ дамыту – заман талабы

Заман талабына сай технологияларды дамыту – ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетігі. Президент Жолдауында осыған ерекше мән берілді. Бұл бағытта заманауи инфрақұрылым қалыптастырумен қатар, тұрақты энергия көздерін дамыту да маңызды. Себебі жасанды интеллектінің әлеуетін толық пайдалану үшін технологиялық мүмкіндіктер мен қажетті ресурстар қатар дамуы тиіс.

Жасанды интеллектінің дамуы ең алдымен заманауи цифрлық инфрақұрылымға байланысты. Деректерді өңдеу орталықтары, жоғары жылдамдықты интернет және тұрақты электр энергиясы – осы саланың негізгі қажеттіліктері. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды экономикаға енгізу логистика, салық жүйесі және ауыл шаруашылығы сияқты салалардағы жұмыс үдерістерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы өзгерістердің маңызы мен алдағы мүмкіндіктері туралы мамандар да пікір білдіруде.


Бөлісу