Дін қызметкерлері аттестаттауға әзірленуде
Имамның қызметі діни біліммен ғана шектелмейді. Бүгінде дін қызметкерінен заңнаманы білу, қоғамдағы өзгерістерді түсіну және түрлі әлеуметтік мәселелермен сауатты жұмыс істей білу талап етіледі. Осыған байланысты өңірдегі имамдар алдағы аттестаттауға дайындықты бастап кетті. Қала және аудан мешіттерінің дін қызметкерлері арнайы семинарларға қатысып, білімдерін пысықтап, кәсіби біліктіліктерін жетілдіруде. Аттестаттау барысында имамдардың діни сауаттылығы мен құқықтық білімінен бөлек, қазіргі қоғаммен жұмыс істеу қабілеті де сараланады. Дайындықтың басты мақсаты – дін қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеріп, халықпен тиімді әрі сауатты жұмыс жүргізуіне қажетті білімдерін жетілдіру.