Негізгі Жаңалықтар «Мөлдір өлең»: Қостанайлық ақындар кезекті аламанға аттанды.

«Мөлдір өлең»: Қостанайлық ақындар кезекті аламанға аттанды.

Қостанайлық үш ақын «Мөлдір өлең» ұлттық жобасының келесі кезеңіне жолдама алды. Абылай Мауданов, Жандос Жүсіпбек және Батырлан Сағынтаев бұған дейін Алматыда өнер көрсеткен еді. Енді олар Ұлытау облысында өтетін кезекті сынға қатысады.

«Мөлдір өлең» жобасы биыл алғаш рет басталған. Оған еліміздің 20 өңірінен 60 ақын қатысып жатыр. Қостанайдың атынан сынға түсетін үш ақынның да жыр әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар. Олар Ұлытауға аттанды. Жолға шыққан қаламгерлерді өңірдің зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен поэзия жанашырлары шығарып салды. Ақ батасын берген аға буын жас ақындарға сәттілік тілеп, аймақ абыройын лайықты түрде қорғап қайтыңдар десті.  


Бөлісу

Аймақтық телеарналар