Чемпион тәжірибесі – жас балуандарға үлгі
Қостанайға кеңес дәуіріндегі еркін күрестің даңқты өкілі, 1980 жылғы Олимпиада чемпионы Сайпулла Абсаидов арнайы шақыртумен келді. Тәжірибелі бапкер 200-ге жуық жас балуанға шеберлік сабағын өткізіп, күрестің әдіс-тәсілдерін көрсетті. Балалар чемпионнан тәлім алып, құнды кеңестерін тыңдады.
Бүгінгі шеберлік сағатынна еркін күрестен 1980 жылғы Олимпиада чемпионы, әлем және Еуропа чемпионатының жеңімпазы Сайпулла Абсаидов арнайы қатысты. Ол жас спортшыларға өзінің тәжірибесімен бөлісіп, күресте нәтижеге жету үшін тұрақты жаттығу мен тәртіптің маңызына тоқталды.