Негізгі Жаңалықтар Телефон аларда нені білу керек?

Телефон аларда нені білу керек?

Енді Қазақстанда верификациядан өтпеген ұялы телефондарды сатуға тыйым салынады. Жаңа талаптар ұялы телефон сатушыларын да, сатып алушыларды да қамтиды. Енді сатылымға шығарылатын әрбір құрылғы міндетті түрде верификациядан өтуі тиіс.

Верификация кезінде телефонның IMEI нөмірі тексеріледі. Сондай-ақ құрылғының елімізге заңды жолмен әкелінгені анықталады. Енді сатушы телефонды сатып алушыға ұсынбас бұрын оның верификациядан өткенін және құрылғыға қандай да бір шектеу қойылмағанын тексеруге міндетті. Сонымен қатар сатып алуды растайтын құжатта телефонның идентификациялық коды көрсетілуі керек. Верификация мен құрылғыны тексеруге кететін шығынды сатушы көтереді. Ал телефонды абоненттің атына тіркеу тұтынушылар үшін тегін жүргізіледі. Талаптарды бұзған кәсіпкерлерге айыппұл қарастырылған. Оның көлемі кәсіпкерлік субъектісінің түріне қарай 90-нан 600 айлық есептік көрсеткішке дейін жетуі мүмкін. Бұл шамамен 389 мың теңгеден 2,6 миллион теңгеге дейін.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар