Дін қызметкерлері аттестаттауға әзірленуде.
Қазіргі кезде дін қызметкеріне қойылатын талап жоғары. Имам діни біліммен қатар, заңнаманы жетік меңгеріп, қоғамдағы өзгерістерден де хабардар болуы тиіс. Осы бағыттағы білімін саралайтын кезекті аттестаттауға өңір имамдары қазірден дайындалып жатыр. Толығырақ тілші сюжетінде.
Дін қызметкерінің білімі - қоғаммен дұрыс жұмыс істеудегі негізгі құралдың бірі. Сондықтан имамдар білімін тұрақты түрде жетілдіріп, кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Осыған байланысты өңірде алдағы аттестаттауға дайындық жұмыстары басталып, қала және аудан имамдары үшін арнайы семинарлар ұйымдастырылуда.