Негізгі Жаңалықтар Мүліктік қылмыс: полиция екі күдіктіні қамауға алды.

Мүліктік қылмыс: полиция екі күдіктіні қамауға алды.

Қостанайда мүліктік қылмыстар сериясына қатысы бар деген күдікпен екі азамат ұсталды. Полицияның мәліметінше, келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгеден асады. Бір күдіктінің жеті қылмыс эпизодына қатысы бар болса, екіншісі Қостанай мен Рудный қалаларында қалта ұрлығын жасады деген күдікке ілінген.

Полиция 45 жастағы ер адамды ұстады. Ол көліктен зат ұрлау, велосипедтерді қолды ету мен ақша жымқыру, сондай-ақ тонау фактілерін қоса алғанда, жеті қылмыс эпизодын жасады деген күдікке ілініп отыр. Екіншісі – Қарағанды облысының 30 жастағы тумасы. Полицейлер мәліметінше, ол Қостанай мен Рудный қалаларында бірнеше қалта ұрлығын жасаған. 



Бөлісу

Аймақтық телеарналар