Қазақстанда алғаш рет Қостанай облысының полицейлері қызметтің жаңа бағыты – тауартанушы-сарапшы мамандығын меңгерді. Экономикалық білімі бар қызметкерлер арнайы оқудан өтіп, енді қылмыстық істер аясында тәркіленген мүліктің жай-күйі мен нарықтық құнын анықтау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алады.