Бүгін – ветеринарлар күні! Кәсіби мерекеде сала үздіктері марапат төрінен көрінді. Салтанатты шарада мамандардың эпизоотиялық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өлшеусіз еңбегі жоғары бағаланды. Көп жылдық адал қызметі үшін оларға арнайы наградалар мен алғыс хаттар салтанатты түрде табыс етілді.