Осыдан он жыл бұрын жануарларға да ерекше күтім жасалады десе, сенбес едік. Ал, қазір бұл күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналып отыр. Иттердің жүнін әдемілеп алу тек сән көрмелерінде ғана мүмкін болса, мысықты баптау керек болған жағдайда ғана еске түсетін. Бүгінде мұның бәріне арнайы күтім жасайтын мамандар бар. Оларды грумерлер дейді. Қостанайда грумминг саласымен бірнеше жылдан бері айналысып жүрген ару бар.