Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуінің аяқталуына бір күн қалды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін талапкерлердің шамамен 70 пайызы шекті балды еңсерген. Дегенмен, тестілеу талаптарын бұзғандар да жоқ емес. Академиялық адалдық қағидатын сақтамағандардың нәтижесі бірден жойылып, емтихан қорытындысы жарамсыз деп танылады.