Малды есепке алу - бүгінде ветеринария саласындағы негізгі талаптың бірі. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарлары міндетті түрде бірдейлендірілуі тиіс. Бұл жануарлардың қозғалысын бақылап, жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Алайда өңірде заң талабын сақтамайтын мал иелері әлі де кездеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.