Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтады. Өңір басшысы бұл күннің еліміз үшін тарихи маңызға ие екенін атап өтті.
Оның айтуынша, жаңа Ата Заң - халықтың еркімен қабылданған мемлекетіміздің басты құжаты әрі Әділетті Қазақстанды құру жолындағы берік негіз. Құмар Ақсақалов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституцияның ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға екені туралы пікіріне тоқталып, бүгінде «Адал азамат» тұжырымдамасы, «Заң мен Тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» бастамалары қоғамда жаңа құндылықтарды орнықтырып келе жатқанын айтты. Облыс әкімі барша қазақстандықтарды жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтап, елге бірлік, тұрақтылық және өсіп-өркендеу тіледі.