Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформа сол сияқты тарихи-мәдени мұраны сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген мемлекеттік дамудың жаңа бағдарын айқындайды.
Мәдениет саласындағы басты жаңалықтардың бірі - тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдаудың мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілуі. Бұл музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, концерттік ұйымдардың дамуына, сондай-ақ шығармашылық орта өкілдерін қолдауға конституциялық деңгейде басымдық берілетінін көрсетеді. Архив, кітапхана және кітап ісі үшін бұл өзгерістер мұрағаттағы құжаттарды сақтауға, кітап оқу мәдениетін дамытуға, қорларды цифрландыруға, ұлттық әдебиетті кеңінен насихаттауға берік құқықтық негіз қалайды. Жаңа Конституция архивтер мен кітапханалардың тарихи мұраны сақтаудағы және жұртшылықтың білім алуына мүмкіндік жасайтын мекеме ретіндегі маңызын арттыра түседі.