Конституцияда әр азаматтың білім алуға құқығы нақты бекітілген. Бұл – адамның жан-жақты дамуына ғана емес, елдің тұрақты өсімі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болатын маңызды конституциялық кепілдік. Сарапшылардың пікірінше, білім мен ғылымға салынған инвестиция адами капиталдың сапасын жақсартып, экономиканың инновациялық дамуына және қоғамның әлеуметтік әл-ауқатының артуына тікелей ықпал етеді. Сондықтан білім беру сапасын көтеру, ғылыми әлеуетті күшейту және жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік қолдау алдағы уақытта да жалғасын табады. Гуманитарлық ғылымдар магистрі Руслан Жүсіпов осындай пікір білдірді.