1 шілдеден бастап жалға берілетін электрсамокаттарды пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Енді әрбір жалға берілетін электрсамокатқа тіркеу нөмірі беріліп, осылайша заң бұзған электрсамокаттар камералар арқылы анықталатын болады. Сонымен қатар әрбір самокат қолданатын азаматқа сақтандыру полисі міндеттеледі. Егер самокатты пайдаланушының жүргізуші куәлігі болмаса, ол жүргінші жолымен жүрмеуі тиіс. Мұны сервис қатаң бақылауы қажет.