Қостанайлық тұрғын қаңғыбас иттердің көбейгеніне наразы. Оның сөзінше, өзі тұратын вокзал аймағында қараусыз бос жүрген иттер көп. Тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаған азамат базынасын айтып, редакциямызға жүгінді. 

Станислав Оразбаевтың сөзінше, Темірбаева 12 мекенжайында қаңғыбас иттердің шоғыры түнгі уақытта қаптап кетеді. Иттің үрген даусынан түнде ұйқы бұзылады, күндіз біреуді қауып ала ма деп алаңдаймын, дейді қала тұрғыны.Ал қаңғыбас иттерді аулау бойынша қазіргі заң талабы мынадай: ұсталған жануарлар оқшауланып, кейін чиптеліп, зарарсыздандырудан өткен соң қайтадан мекендеу аумағына жіберіледі. Яғни, әкімдік мамандарының сөзінше, Темірбаев көшесінде жүрген иттердің көбі осы процедурадан өткен.Жалпы биыл қаңғыбас және бос жүрген иттерді аулау және зарарсыздандыру жұмыстарына 30 млн-ға жуық қаржы бөлінген. Нәтижесінде, 600-ден астам қараусыз жүрген ит-мысық ауланған. Ал жануарлар жанашыры Ольга Соловьёваның сөзінше, тұрғындар үшін ең үлкен қауіп иесіз иттерден келуі мүмкін. Қаңғыбас иттер бойынша қазіргі уақытта шағымдар ай көмек ахуалдық орталығы арқылы қабылданады, сонымен қатар e-өтініш арқылы да шағым қалдыруға болады.