Жазғы аптапта жағажайға келушілер саны артады. Алайда демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды. Құтқарушылар тұрғындарға сақтық шараларын ескертіп, күн сайын рейд жүргізіп жатыр.
Су айдындарын тексеру бойынша қалада 5 мобильдік топ жұмыс істейді.Суға түскенде алкогольдік сусындарды ішуге, арнайы межеленген орындардан асуға тыйым салынады. Биыл рұқсат етілмеген орындарда шомылуға қатысты құқық бұзушылықтар айтарлықтай азайған. Рейд барысында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай қызметкерлері мен еріктілер түсіндірме жұмыстарын жүргізді.