17 жастағы қостанайлық боксшы қыздың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарала бастады. Қостанайлық Рамина Маханова өзінің бокс залындағы дайындығын әлеуметтік желіге күнделікті салып отырады. Жерлесіміз республикалық, облыстық, тіпті әлемдік додаларда топ жарып жүр.
Жылдам әрі нақты соққыларын дарытып жатқан Рамина Маханованың дәл осы видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады. 17 жастағы қостанайлық спортшының техникасына қазақстандықтар тәнті. Боксқа келгеніне небәрі төрт жыл болса да, ол Азия ойындарының жүлдегері, Черногорияда өткен Әлем кубогының жеңімпазы атанып үлгерген.
Қаршадай мектеп оқушысының асқақ арманы болашақта - Олимпиада ойындарының биік тұғырын бағындыру. Әзірге күнделікті бір жарым сағатын боксқа арнап, тұрақты түрде дайындалып жүр. Ол әлеуметтік желіде де белсенді.