Алтынсарин ауданында ауыл шаруашылығы, туризм және инфрақұрылым салаларында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.Аудан экономикасының негізгі тірегі – агроөнеркәсіп кешені. Биыл егіс науқаны жоспарға сай жүргізілді.Әсіресе экспортқа бағытталған майлы дақылдардың үлесі артып келеді. Бұл ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін күшейтуге мүмкіндік беруде. Соңғы үш жылда ауданда сүт өндірісін дамытуға басымдық берілген. Қазірдің өзінде екі тауарлы-сүт фермасы іске қосылып, 39 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ал биыл тағы екі ферманың құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде қосымша жұмыс орындары ашылады.Инфрақұрылым саласында да нәтижелі жұмыстар атқарылған. Соңғы үш жылда аудандық маңызы бар 55 шақырым жол жөнделді. Ал елді мекендердегі 67 көшеге асфальт төселіп, көше жарықтандыру жүйесі жаңартылған.
Соның арқасында жарықпен қамтылған көшелер үлесі 52 пайыздан 94,7 пайызға дейін өскен. Одан бөлек, ауыз су мәселесіі назардан тыс қалмады.Жаңа өндіріс орындары, инфрақұрылымдық жобалар мен әлеуметтік бастамалар ауданның дамуына серпін беруде. Қолға алынған жобалар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Мұндай іс-шаралар ауылдық жерлердің әлеуетін арттырары сөзсіз.