Фискалдық түбіртек - жай ғана қағаз емес. Ол сатып алушының құқығын қорғайтын ресми құжат әрі бизнестің ашық жұмыс істеуінің көрсеткіші. Сондықтан мамандар кез келген сауда немесе қызмет көрсету кезінде түбіртекті міндетті түрде талап етуге шақырады. 

Дүкенде, дәріханада немесе қызмет көрсету орнында сауда жасағанда көпшілік түбіртек алуға мән бере бермейді. Алайда бұл қарапайым құжат тұтынушының құқығын қорғап қана қоймай, көлеңкелі экономиканың алдын алуға да ықпал етеді. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер басқармасы тұрғындарға фискалдық чекті міндетті түрде талап ету қажеттігін еске салып отыр. 

Мамандардың айтуынша, чек беру талабының сақталуы бюджетке түсетін салықтардың толық жиналуына әсер етеді. Ал бұл қаражат кейін әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға, инфрақұрылымды дамытуға және мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Сондай-ақ фискалдық чекті бермеу салық заңнамасын бұзу болып саналады. Мұндай жағдайда кәсіпкерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алғашқы рет ескерту жасалса, қайталанған жағдайда шағын бизнеске – 20, орта кәсіпкерлікке -30, ал ірі кәсіпкерлерге 40 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл бағытта күн сайын рейдтік шаралар өтіп отырады. Оның барысында жыл басынан бері // заң бұзушылық анықталған.