Дәрумен бе, нитрат па? Жеміс-жидек піскен, бақшадағы өнім сөреге түскен осы уақытта түрлі ішек инфекциялары өршитіні белгілі. Қазір жылдағыдай Қостанайда қауын-қарбыз саудасы қызып тұр. Санитарлық дәрігерлер жемісті пайдаланбас бұрын құрамындағы нитратты тексеруге кеңес береді. Өйткені жаз мезгілінде ішек ауруларына шалдығатындар көп. Әсіріесе, балалар. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн, дейді. Тұтунышылар өнімді қалай таңдайды? Тілшіміз анықтап көрді.

Қазір қала базарларында қарбыз бен қауынға, басқа да жеміс-жидектерге сұраныс жоғары. Жаз мезгілінің келуімен сауда-саттық қыза түскен. Сөрелерде оңтүстік өңірлерден жеткізілген өнімдер кеңінен ұсынылған. Тұтынушылардың бірін арзан баға қызықтырса, енді бірі өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін басты назарда ұстайды. Дегенмен, тұрғындар жаздың басты жемісін тұтынарда оның қайдан жеткізілгені мен сырт келбеті, сапасына ерекше мән беру керегін айтады.  

Сатушылардың айтуынша, қарбыз бен қауын негізінен өңіріміздің оңтүстік аймақтарынан, сондай-ақ Ташкент қаласынан да жеткізіледі.  

Ал, мамандар өнімнің қауіпсіздігі арнайы зертханалық тексерістер арқылы бақыланатынын айтады. Сондай-ақ сауда орындарында сатылатын қарбыз бен қауынның құжаттары да тексеріледі.