Науырзым ауданы биылғы жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізген. Аудан бюджетінің кірісі 147,7 пайызға орындалып, қазынаға жоспардан тыс 268,8 миллион теңге түсті. Сондай-ақ, 254 мың гектар жерге дән себілген. Инфрақұрылым да дамуда. 11 елді мекеннің 8-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтылды.
Киелі Науырзым - табиғаты тұмса, тарихы терең, еңбек пен берекенің мекені. Облыс орталығынан оңтүстікке қарай орналасқан ауданның түтіні түзу. Агроөнеркәсіптік кешен саласында 3 инвестжобаны іске асыру көзделген. Оның жалпы құны – 530 млн.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 149 шақырымды құрайды. Ал елді мекен ішіндегі жолдардың ұзындығы 94,6 шақырым. Оның ішінде 68 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.