Қостанайда мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін сатып алу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл шаралар жаңа әлеуметтік нысандар салуға, жолдарды кеңейтуге және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Соңғы үш жылда облыс орталығында осы мақсатта 67 жер телімі алынған. Оның бір бөлігі су тасқынынан зардап шеккен аумақтарға тиесілі

Красный кузнец көшесіндегі 3 жер учаскесі қосымша білім беру нысанын салуға берілді;

2 жер телімі бойынша төлем 15 маусымға дейін жүргізіледі;

7 учаске бойынша рәсімдер әлі аяқталмады;

6 учаскені иелері өтемақы мөлшерімен келіспегендіктен, әрі қарай жұмыс сот тәртібімен жалғасады;

1 учаске иесіз есепке қойылды; 

Сонымен қатар қаладағы Нариманов базары маңында 1200 орындық жаңа мектеп салу үшін 36 жер телімін алу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 20 жер телімі бойынша иелерімен келісімге қол жеткізілген. Бірқатар нысандар сүріліп үлгерді. Ал өтемақы көлемімен келіспеген жер пайдаланушыларға 

қатысты мәселе сот тәртібімен қаралып жатыр. 

Соңғы 3 жылда Қостанайда заң талаптарына сәйкес келмейтін 50 жарнама нысаны, атап 

Сонымен қатар көшелерді кеңейту, жаяу жүргіншілерге қолайлы орта қалыптастыру және қоғамдық кеңістіктерді көбейту бағытындағы бастамалар да кезең-кезеңімен іске асуда.

Қаланың дамуы жаңа ғимараттар салумен ғана өлшенбейді. Ыңғайлы инфрақұрылым, қауіпсіз орта және заманауи қоғамдық кеңістіктер - бүгінгі өзгерістердің басты нәтижесі.